AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абылай Мырзахметов өз қызметінен бас тартты

Абылай Мырзахметов өз қызметінен бас тартты

Әлеумет 18.02.2022, 06:13 1,293
Абылай Мырзахметов өз қызметінен бас тартты
Сурет: Youtube.com

Астанада «Атамекен» палатасының ІХ съезі өтіп жатыр.


«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов өз қызметінен бас тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Құрметті әріптестер, осыдан 8 жыл бұрын "Атамекенді" өздеріңізбен бірге құрдық. Мақсат – кәсіпкерлердің басын қосып, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» еді. Ең бастысы, билік пен бизнестің арасында алтын көпір болу. Әрине, ұлттық палатаның қызметіне қатысты сын айтылып жатыр. Оны жасырмаймыз және сыннан қашпаймыз», - деді Абылай Мырзахметов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде.



Оның айтуынша, палатаның басты міндеті - елде кәсіпкерлікті дамыту, кәсіп ашамын деген жандарға мүмкіндік беру.



«Өңірлерді аралап, қолдан келгенше өздеріңізбен бірге іс-әрекет еттік. Бүгінгі жиында пікірлер ашық айтылып жатыр. Ойларыңыз бен мәселелерді еркін көтеріп жатырсыздар. Бұл палатаның аяқтан тұрғанын білдіреді. Қазіргі елдегі жағдай баршаңызға мәлім. Соңғы 1 айдың ішінде өміріміз айтарлықтай өзгерді. Жаңа Қазақстанда өмір сүріп отырмыз. Ал кәсіпкерлер - жаңа Қазақстанды дамытудағы негізгі күш. Мемлекет басшысы да кәсіпкерлерге үлкен үміт артып отыр. Мен бүгінгі кезектен тыс съездің алдында басқарма төрағасы ретінде құзыретімді тапсыратынымды айтқым келіп отыр», - деді ол.



Айта кетейік, елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бизнес #құрылтай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);