ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінд...

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды

Әлеумет 19.03.2025, 17:34 520
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде Орал Таңсықбаевтың 120 жылдығына арналған көрме ашылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бүгін Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Орал Таңсықбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды...

Бүгін Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Орал Таңсықбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрменің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көрме Өзбекстан Республикасының мәдениет және өнерді дамыту қорының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Экспозицияда суретшінің ерекше стилін, шығармашылық мұрасын және ұлттық кескіндеменің дамуына қосқан үлесін көрсететін 74 туынды ұсынылды.

Іс-шараның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Өзбекстан Республикасы Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның жазушылары, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Өз сөзінде Аида Балаева Орал Тансықбаевтың өнері екі елдің халқын жақындастырып, санғасырлық достық пен өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосқанын атап өтті.

«Ол туған жері Өзбекстанның көркем табиғаты мен тау-тасын шынайы әрі асқан шеберлікпен бейнелеп, өнерсүйер қауымның жоғары бағасын алды. Айта кетерлігі, Орал Таңсықбаев Әбілхан Қастеевпен бір жылда дүниеге келген. Екі азамат та өз елдерінде ұлттық көркемсурет мектебінің қалыптасуына ықпал етіп, кейінгі толқын жастарға әсер етті. Олардың шығармашылығы – туған жеріне, халқына, табиғатына деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ министр Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени саладағы белсенді ынтымақтастығын атап өтті. Соңғы жылдары мәдениет күндері, кино күндері, театр гастрольдері мен көркемөнер көрмелері жемісті ұйымдастырылып келеді.

Саида Мирзиеева өз кезегінде көрменің ұйымдастырылуына ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени диалог пен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Орал Таңсықбаевтың 120 жылдық мерейтойына арналған көрме осы жылдың маусым айына дейін жалғасады.

Айта кетейік, Өзбекстан Ұлттық балетінің гастрольдері мен Орал Таңсықбаев көрмесі Астанада да өтетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,440 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,318 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,985 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.