Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Абайдың домбырасы: Ақынның туған жері Семейден әке...

Абайдың домбырасы: Ақынның туған жері Семейден әкелініп, Алматы музейіне қойылды

Әлеумет 11.08.2022, 03:51 1,598
Абайдың домбырасы: Ақынның туған жері Семейден әкелініп, Алматы музейіне қойылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Қаладағы көрме 2 аптаға созылады


Абайдың өзі ұстаған домбырасы, кісе белбеуі мен Құнанбайдың Меккеге киген тақиясы. Осындай құнды жәдігерлер бүгін ұлы ақынның туған жері Семейден әкелініп, Алматы музейіне қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Экспонаттарды көпшілік «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты көшпелі көрмеде тамашалай алады. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы алматылықтар үшін 50-ден аса тарихи жәдігер алып келіпті.
Абай туған, жер кіндігі – Жидебайдан бүгін арнайы Алматыға жылжымалы көрме келді. Шығыстан алғаш рет ат арылтқан көрмені қала әкімдігі мен зиялы қауым өкілдері салтанатты түрде ашып берді.



«Жастарға керек. Өйткені бұл кісілелердің сөзі, ойы, тереңдігі біз үшін ауадай қажет. Сондықтан мен өте бүгін бақыттымын. Осынша адам Жидебайдың рухани суатынан дәм татып жатыр», – деді жазушы, Халықаралық абай клубының президенті Роллан Сейсенбаев.



Семейден ақынның өзі пайдаланған заттары мен кітаптары, қолжазбалары, жалпы алғанда 52-ге тарта жәдігер әкелініпті.
Үш ішекті домбыра мен сыбызғы Абайдыкы деседі. Бұл қойылғаны көшірмесі екен. Тұпнұсқасы Семейде. Ал мынау ақынның кісе белбеуі. Бұл теңдессіз жәдігерлерді кезінде Абай өзінің досы Николай Долгополов арқылы 1885 жылы Семейдегі өлкетану музейіне тапсыртқан екен. Кейіннен 1940 жылы Абай музейі ашылып, сол жаққа өткізіліпті.
Бұдан бөлек Абай музейінен ақынның екінші жары Әйкерімнің қобдишасы да жеткен. Ағаш пен әшекей тастардан жасалған тұпнұсқадағы сандықша әуелгі күйін әлі жоғалтпапты. Ал әкесі Құнанбайдың нақ өзінен екі жәдігер қалған десек, соның бірі – жеке мөрі, екіншісі – тақиясы.  



«Сонымен қатар ең бір құнды жәдігеріміз Абайдың әкесі Құнанбайдың Меккеге барғанда киген тақиясы. Бүкіл халық Семейге бара бермейді ғой. Сондықтан да бұл қала тұрғындарына Абай елімен танысуға болады», – деді Абайдың «Жидебай-бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының» жетекші ғылыми қызметкері Нұржан Боранбаев.


«Абайдың музейі Алматы қаласының музейіне алғаш рет келуі. Көрме 2 аптаға созылады. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын осы көрмені тамашалауға шақырамыз. Күнделікті таңғы 10.00-ден 19.00-ге дейін есігіміз айқара ашық», – деді  «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры Ләззәт Сағындықова.



Көшпелі көрме бұған дейін Нұр-Сұлтан, Орал, Қарағанды, Петропавл қалаларында ұйымдастырылыпты. Алдағы уақытта өзге де өңірлерде жалғаспақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Домбыра #семей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.