ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Абай университетінде Smart аудитория ашылды

Абай университетінде Smart аудитория ашылды

Алматы 02.10.2025, 17:46 472
Абай университетінде Smart аудитория ашылды
Абай университеті ұсынған сурет
Алдағы уақытта кез келген жоғары оқу орыны заман талабына сәйкес мықшегедей орнын нықтағысы келсе, білім беру жүйесін жасанды интеллектпен байланыстыру керек. Бұл қазіргі уақыт көшіне ілесудің...

Алдағы уақытта кез келген жоғары оқу орыны заман талабына сәйкес мықшегедей орнын нықтағысы келсе, білім беру жүйесін жасанды интеллектпен байланыстыру керек. Бұл қазіргі уақыт көшіне ілесудің бірден-бір жолы. Осы мақсатта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жасанды интеллектке негізделген жаңа Smartаудиториясы ашылды. Бұл – білім беру жүйесін цифрландыруға, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыруға және ғылыми ізденістерді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында үш жыл ішінде еліміздің цифрлық мемлекетке айналу қажеттігін тапсырғаны белгілі. Мемлекет басшысының бұл бастамасы әлемдік деңгейдегі Қазақстанның орнын айқындап берері сөзсіз. Әсіресе білім беру саласы жаңа технологияларды игеруде негізгі қозғаушы күшке айналуы қажет. Университеттің Smart аудиториясын ашуы – осы бағыттағы жұмыстарының бір парасы.

Smart дәрісхана – робототехника мен жасанды интеллект технологияларын біріктірген заманауи білім беру алаңы. Мұнда студенттер автоматты түрде гүлдерді суаратын құрылғы, пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеуге арналған PETamentor,жасанды интеллектке сүйенген IJauap роботтары сияқты жобалармен жұмыс істейді. Бұл тек дайын өнімді көру ғана емес, өз идеяларын ұсынып, тәжірибе жүзінде сынап, нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Яғни, жаңа аудитория студенттерді инновациялық ойлауға, зерттеуге және нақты нәтижеге қол жеткізуге баулиды.

Жаңа дәрісхана тек техникалық база ғана емес, сонымен бірге студенттердің шығармашылық әлеуетін ашатын, жаңа идеяларға жол көрсететін орталық болмақ. Мұнда студенттер мен жас ғалымдар бірлесе жұмыс істеп, жаңа жобалар жасай алады. Демек, теория мен тәжірибеніұштастыруда білім алушыны кәсіби тұрғыда шыңдауға мүмкіндік бермек.

Абай университеті әрқашан жаңашылдықты қолдап, оларды оқу процесіне енгізуде көшбасшы. Smart аудиторияның ашылуы соған нақты дәлел. Осы бастама арқылы жасанды интеллекттіқолданудың жаңа тәсілдерін дамытып, студенттерге заманауи білім мен дағды қалыптастыруға жол ашады. Алдағы уақытта университет білім беру үдерісін толықтай цифрландыруға, ЖИ-генегізделген жобаларды көбейтуге және осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде дамытуға айрықша мән бермек.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – еліміздің жоғары білім беру кеңістігінде педагогикалық көшбасшы білім ордасы. Бүгінгі таңдағы басты мақсаты – жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды жетік меңгерген, жаңа дәуір талабына сай кәсіби білікті мамандарды даярлау. Ал Smart аудитория соған берік негіз қалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.