AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абай – қазақ халқының рухани шамшырағы, әлемнің ор...

Абай – қазақ халқының рухани шамшырағы, әлемнің ортақ қазынасы

Әлеумет 06.08.2025, 15:02 1,176 Bakyt
Абай – қазақ халқының рухани шамшырағы, әлемнің ортақ қазынасы
Суретті түсірген - Самат Құсайынов

Биыл ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толып отыр. Осы айтулы мерейтой аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен «Абай өлеңдері әлем тілдерінде» атты халықаралық челлендж өтіп жатыр.

Абайдың мұрасы – тек қазақ елі үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін баға жетпес қазына. Оның шығармаларындағы әділдік, білім, бірлік, адамгершілік туралы ойлары – ғасырлар өтсе де өз құндылығын жоғалтпайтын, халықтарды татулыққа шақыратын мәңгілік үн.

Қазақстандағы күрд қауымдастығы да Абайдың даналығын, рухани мұрасын ерекше құрметтейді. Күрд халқы да ақын жырларынан адамдықтың, достықтың, өзара сыйластықтың терең мағынасын табады. Абайдың сөзі – біздің де жүрегімізге жақын, ортақ құндылықтарымыздың айнасы.

Абайдың ұлағатты сөздері:

·         «Адам болам десеңіз – бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол.»

·         «Пайда ойлама, ар ойла.»

·         «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан.»

·         «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос.»

Күрд және қазақ халқын ғасырлар бойы байланыстырып келе жатқан басты құндылық – өзара сыйластық пен бауырмалдық. Осы ортақ рухани сабақтастықта Абайдың орны ерекше.

Ұлы Абайдың мерейтойы баршамыз үшін – даналыққа бас иіп, мәдениет пен достықты дәріптейтін маңызды сәт.

Рафик Якубұлы Мирзоев,
«Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Мерейтой #челлендж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);