AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Абай облысында Алакөл жағалауын су шайып кету қауп...

Абай облысында Алакөл жағалауын су шайып кету қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Алматы 15.09.2025, 10:55 804
Абай облысында Алакөл жағалауын су шайып кету қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
сурет: Абай облысы

Абай облысының Мақаншы ауданында Алакөл жағалауын шайып кету қаупіне байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Аудан әкімі Дәурен Қойгелдин қол қойған 8 қыркүйектегі аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес, 10 қыркүйектен бастап жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай күшіне енген. Бұл шешім Қабанбай ауылдық округіндегі Алакөл жағалауын су шайып кету қаупіне байланысты қабылданған.

Құжатта көрсетілгендей, өңірдің інжу-маржаны саналатын Алакөл жағалауында демалыс үйлері мен өзге де нысандар орналасқан. Табиғи апат салдарынан шаруашылық қызметке келуі мүмкін залал арнайы құқықтық режим енгізуге негіз болған.

Төтенше жағдайды жою жұмыстарын үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаеваға жүктелді. Айта кетейік, жуырда облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында туризмді дамыту мәселелері қаралып, Алакөл жағалауының бас жоспарын әзірлеу талқыланған еді.

Басқарма мәліметінше, биыл жағалауды абаттандыруға облыстық бюджеттен 658 миллион теңге бөлінген. Шенеуніктердің айтуынша, арбатта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 25 киім ауыстыратын кабина, 50 контейнер, 2 биодәретхана, 3 заманауи дәретхана орнатылған. Сондай-ақ 7 пирстің 3-еуі пайдалануға беріліп, жаңа қоғамдық аумақ құрылысы аяқталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Төтенше жағдай министрлігі #Абай облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);