ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / #Абай күні: Алматыда ұлы қазақ ойшылының ескерткіш...

#Абай күні: Алматыда ұлы қазақ ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Мәдени Алматы 09.08.2024, 12:17 982
#Абай күні: Алматыда ұлы қазақ ойшылының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда Абай Құнанбаевтың 179 жылдығы құрметіне орай, Республика Сарайы алдында ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков,...

Алматыда Абай Құнанбаевтың 179 жылдығы құрметіне орай, Республика Сарайы алдында ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй, жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, студенттер және қала қонақтары қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қасымхан Бегманов Абайдың шығармашылығы мен рухани мұрасының ұрпақтар арасындағы маңыздылығын атап өтті. Шара барысында студенттер Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, ақынның шығармаларына деген сүйіспеншіліктерін білдірді.

Кейінірек "Адамзаттың Абайы" атты жыр мүшәйрасы өтіп, Абайдың танымал шығармаларынан үзінділер оқылды, кітаптар мен этноөнімдер көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Абай Құнанбаевтың философиялық ойлары мен қазақ халқының рухын бейнелейтін шығармалары Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің мәдени мұрасының бір бөлігі екені атап өтілді.

Абайдың туған күніне орай "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Абай әлемі" атты концерт-спектакль өтті. Режиссер Фархад Молдағалидің басшылығымен Болат Әбділманов, Ерлан Біләл, Нүркен Өтеуіл сынды танымал актерлер ұлы ақынның өмірінен сыр шертіп, шығармашылығындағы жаһандық тақырыптарды қозғады. Концертте "Музарт" тобы, Ерден Жақсыбек, IL Canto тобы, Steppe Sons тобы, Ернар Амандық және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының хоры өнер көрсетті.

Алматы қаласының оқу орталықтары мен кітапханаларында Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылды. Жалпы, Алматыда 7-10 тамыз аралығында Абай күніне орай 20-дан астам іс-шара өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Абай күні 2020 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерекелік датаға айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.