Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Абай даңғылын жөндеу жалғасуда: келесі учаскеде ке...

Абай даңғылын жөндеу жалғасуда: келесі учаскеде кестеге сәйкес жұмыс басталады

Әлеумет 04.08.2023, 01:55 1,123
Абай даңғылын жөндеу жалғасуда: келесі учаскеде кестеге сәйкес жұмыс басталады
Сурет: Baribar.kz

Абай даңғылындағы жол жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.


Қазіргі уақытта батыс бағытта Достық даңғылынан Әуезов көшесіне дейінгі және шығыс бағытта Тілендиев көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейінгі аумақтарда жөндеу жұмыстары толық аяқталып, көлік қозғалысы толықтай қалпына келтірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
3 тамыз сағ.23:00-ден 5 тамыз сағ.06:00-ге дейін даңғылдың Әуезов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінің солтүстік бетінде полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы толық шектеледі.


Жабық жерлерді Әуезов, Шевченко, Сәтбаев, Жароков, Гагарин, Розыбакиев көшелері арқылы айналып өтуге болады. Даңғылды Әуезов, Гагарин, Розыбакиев көшелері арқылы кесіп өтетін жол ашық болады.
Клочков және Радостовец көшелерінен Абай даңғылына оңтүстік бағытта бұрылатын жолда 3 тамыз сағ.23:00-ден 5 тамыз 06:00-ге дейін қозғалыс шектеледі.
 
Жол-көлік оқиғасының алдын алу және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде 3 патрульдік полиция экипажы жұмылдырылады.
 
Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының (@qmb_almaty) ресми парақшаларында, сонымен бірге, 2ГИС қосымшасында қолжетімді болады.
 
Естеріңізге салайық, Алматыда алғаш рет полимерлерді пайдаланып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсарту температурасы жоғары (65-70°C), сондықтан ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді – 8-10 жыл пайдалануға болады.
 
Жол жөндеу 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында қолға алынған. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарының бізге ұзағырақ қызмет етуі үшін қажетті шара. Жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алуларыңызды сұраймыз.


Жөндеу жұмыстарын жүргізу учаскелері туралы өзекті ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының (@qmb_almaty) ресми парақшаларында, https://t.me/AlmatyJoly Telegram-каналында, сондай-ақ 2ГИС қосымшасында қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай даңғылы #жол жөндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.