Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 9 мамырға арналған марш Алматыда онлайн форматта ө...

9 мамырға арналған марш Алматыда онлайн форматта өтеді

Әлеумет 04.05.2023, 03:53 1,691
9 мамырға арналған марш Алматыда онлайн форматта өтеді
almaty-akshamy.kz

Биылғы жылы "Ер есімі – ел есінде" ("Батырларға тағзым") жыл сайынғы акциясы онлайн форматта арнайы аттас платформада https://batyrlargatagzym.el.kz өтеді, ол қазақстандық батырлар туралы барлық ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері хабарлады. 9 мамырда Алматыда өтетін онлайн-шеруге барлығы қосыла алады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



"Біздің онлайн-акцияны өткізуде тәжірибеміз жеткілікті дәрежеде. 2020-2021 жылдардағы карантиндік шектеулер кезінде осындай акция дәл осы форматта өткен. Акцияны дәстүрлі форматта өткізу үнемі қоғамдық қауіпсіздіктің белгілі бір келеңсіз жағдайларына алып келетіні жасырын емес. Сонымен қатар, қаланың орталық көшелерінің біріндегі қозғалыстың жабылуы автокөлік иелері мен жақын маңдағы үй тұрғындары үшін қолайсыздықтар туғызады", - деді "Ауғанстан ардагерлер одағы " қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұрат Абдушукуров.



Айта кету керек, онлайн-акцияларға қала тұрғындары белсенді қатыса отырып оны қолдайды. 


Биыл мектептер мен колледждерде, бейбіт уақытта ержүректік пен батылдық танытқан әскери қызметшілер, ардагерлер, қатардағы азаматтарды шақырумен, тақырыптық "Батылдық сабақтары", сондай-ақ балаларды әртүрлі әскер бөлімдерімен таныстыру бойынша сабақтар өтетінін хабарлаймыз.


Алмалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батай Қабылов "Ардагерлерге тағзым" қайырымдылық акциясы аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, үйде қызмет көрсететілетін және медициналық-әлеуметтік мекемелердегі тыл еңбеккерлерін құттықтау жоспарланғанын айтты.


Сонымен қатар, соғыс ардагерлерін және оларға теңестірілген санаттағы адамдарды, оның ішінде үйде кешенді әлеуметтік-медициналық тексеру айы жалғасуда. Сондай-ақ дәрілік препараттарды Ұлы Отан соғысының жалғызбасты және жалғыз тұратын қатысушылары мен мүгедектеріне үйге жеткізу жүзеге асырылады.


Ақсақалдар Алматы тұрғындары мен қонақтарын арандатушылыққа берілмеуге, қоғамдағы келісім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырды.


"9 мамыр - біздің ортақ мерекеміз. Бұл күндері ризашылық білдіріп, соғыс ардагерлерін құрметтеп, бірлікті көрсетуіміз керек", - деді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мамыр #шеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.