AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 800-ден астам шетелдік елден шығарылды

800-ден астам шетелдік елден шығарылды

Заң мен тəртіп 06.10.2026, 12:09 222
800-ден астам шетелдік елден шығарылды

Көлік полициясы 2026 жылғы 6 қазанда шетелдік азаматтарға Қазақстанда болу қағидаларын сақтау қажеттігін еске салды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл талаптарды бұзғандарға елден шығарып жіберуге дейінгі жаза қолданылуы мүмкін.

Мәселен, Астана станциясының теміржол вокзалы аумағында Қазақстанда жұмыс істеуге құқық беретін тиісті құжаттары жоқ үш шетелдік анықталған. 22, 28 және 33 жастағы азаматтар құрылыста әртүрлі жұмыс атқарған. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарып жіберу жазасы тағайындалды.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 3 043 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 2 801 адам Қазақстан аумағында болу қағидаларын бұзған. Сот шешімдерімен 837 құқық бұзушы елден шығарылды.

"Шетелдік азаматтар Қазақстанның көші-қон заңнамасы талаптарын, соның ішінде елде болу қағидалары мен еңбек қызметін жүзеге асыру тәртібін сақтауға міндетті. Қажетті құжаттарсыз жұмыс істегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларға елден шығарып жіберу жазасы қолданылып, кейін Қазақстанға қайта кіруіне шектеу қойылуы мүмкін", – деп ескертті көлік полициясы.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жолаушы әйел такси жүргізушісінің дөрекі әрекетіне шағымданған. Тексеру барысында оның Қазақстанда тиісті рұқсатсыз жұмыс істеп жүргені анықталып, жүргізуші елден шығарылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шетелдік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);