ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / 608 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

608 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

Медицина 22.12.2023, 05:27 1,298
608 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz
Профилактикалық екпені алу үшін жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге болады.

Профилактикалық екпені алу үшін жұмыс күндері ғана емес, демалыс күндері де тіркелген жері бойынша медициналық ұйымға жүгінуге болады.


Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Елімізде қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қосымша жаппай иммундау аясында вакцинациялауға жататын 1,5 млн адамның 608 мыңнан астамы вакцина алды.


Күн сайын 30 мыңнан астам адамға екпе егіледі, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.



"Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, тұрақтандыру бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.



Ведомство ақпаратынша, қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда. Жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі.


Сондай-ақ, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Бұрын вакцина алмаған және одан бас тартқан 133,3 мыңнан астам адам егілді.


Қызылша және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинацияның маңызы туралы халықпен ақпараттық жұмыс жалғасуда.



"Қабылданған шаралардың арқасында қазіргі уақытта еліміздің көптеген өңірінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалады. Мәселен, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстарында соңғы аптада қызылшадан қорғау мақсатында өз балаларын вакцинациялауда халықтың белсенділігі артқан", - дейді комитеттегілер.



Денсаулық сақтау министрлігі елдегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қосымша жаппай иммундау аясында қызылшаға қарсы вакцина алуға, 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына қызылшаға қарсы 2 екпе болмаған кезде, профилактикалық екпе егуге кеңес берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.