ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / 57 жастағы әйел оқу бітіріп, мамандық алып шықты

57 жастағы әйел оқу бітіріп, мамандық алып шықты

Оқиға 30.06.2022, 16:14 971
57 жастағы әйел оқу бітіріп, мамандық алып шықты
сурет: Inform.kz
Сотталғандар диплом алғаннан кейін колония аумағындағы кәсіпорындарға жұмысқа орналасады

Сотталғандар диплом алғаннан кейін колония аумағындағы кәсіпорындарға жұмысқа орналасады


Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан 100-ден астам сотталған бүгін колледжді тәмамдап, қолдарына диплом алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕС-164/6 мекемесінде жазасын өтеп жатқан әйелдер Петропавл кәсіптік колледжінде, Солтүстік Қазақстан жеке даярлау және сервис колледжінің филиалдарында жаңа мамандық меңгеруге мүмкіндік алған.


Сотталғандар диплом алғаннан кейін колония аумағындағы кәсіпорындарға жұмысқа орналасады.


Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты меңгерген олар бостандыққа шыққаннан кейін де қиындықсыз еңбекке араласа алады.


Мәселен, әйелдер колониясында «тігінші» мамандығы бойынша білім алған сотталған Наталья жазасын өтеп шыққаннан кейін Петропавлдың орталығында тігін цехын ашты.


Қазір онда бұрын сотталған 10-нан астам әйел жұмыс істеп жатыр.


Бұл күні 57 жастағы Марияға арнайы орта білім туралы диплом берілді. Ол - осы жылдың ең жасы үлкен түлегі.



«Былтыр ұрлық үшін 3,5 жылға сотталдым. Бостандықта жүргенде білімді қажет етпейтін жұмыста жүрдім. Сондықтан мен білім алу туралы ойланбадым да. Мұнда келіп, оқуға, білім алуға уақыт келді деп шештім. «Тігінші» мамандығын меңгердім. Білім алу ешқашан кеш емес», - дейді Мария.



СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 және 6 мекемелерінде сотталғандарды тас қалаушы, қаптаушы, сылақшы-сырлаушы, дәнекерлеуші, тігінші, құрылыс және әрлеу жұмыстарының шеберлері, шаштараз-модельер, ландшафтық дизайнер және басқа сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытады.


Бүгін 100-ден астам сотталған, 57 әйел, 64 ер адам салтанатты жағдайда орта арнайы білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом алды.


Соңғы 5 жылда Петропавл кәсіптік колледжін ғана 650-ден астам сотталған бітіріп шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.