Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 34 елдің волонтерлары Астанада жүздеседі

34 елдің волонтерлары Астанада жүздеседі

Әлеумет 06.06.2023, 11:11 1,059
34 елдің волонтерлары Астанада жүздеседі
Сурет: ашық дереккөз

20-21 маусымда Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтеді.


Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын өткізу жөніндегі БҰҰ-ның 75-сессиясында айтылған бастамасы аясында елімізде жыл сайын халықаралық деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастыру дәстүрі қалыптасқан. Былтыр Орталық Азия волонтерлерінің форумы өтсе, биыл 20-21 маусымда Астанада Халықаралық волонтерлер форумын өткізу жоспарлануда», - деді Данияр Қадыров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Форумның негізгі мақсаты – волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.


Форумға дайындық жұмыстары Қазақстандағы БҰҰ-ның Еріктілер бағдарламасының өкілдігі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес хатшылығы, «Ұлттық волонтерлік желісі» және басқа да волонтерлік және халықаралық ұйымдармен әріптестік қарым-қатынаста жүргізілуде.



«Бұл жиын 34 шет елдің және Қазақстанның барлық өңірлерінің делегаттарының қатысуымен өтетін волонтерлік саладағы ірі халықаралық шара болады. Оған 400-ге жуық адамның қатысуы жоспарлануда, оның 140-қа жуығы шетелдік қатысушылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері», - деді Д. Қадыров.



Форумға қатысуға қызығушылық танытқандардың көптігіне және волонтерлердің ұсынысына орай, өңірлік қатысушы-волонтерлерді іріктеу конкурсы өткен. Осылайша 80 волонтер өңірлік делегаттар болып белгіленді.


Волонтерлер форумының слоганы, хэштэгі мен логотипі ретінде «Ізгілік тегі» символы бекітілген. Бұл - жынысына, жасына, ұлтына және басқа да ерекшеліктеріне қарамайтын, барлық адамдарға тән «Ізгілік тегі». Форумның ұраны «Тектегі ізгілікті оят!» деп аталады.


Сонымен бірге, форум аясында елордада Халықаралық волонтерлік орталық ашылады. Бүгіннен бастап Зерендіде волонтерлер, волонтерлік ұйымдардың жетекшілері мен өңірлік фронт-офистердің мамандарының қатысуымен «Волонтерлердің жазғы мектебі» өз жұмысын бастады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#волонтер #форум #шетел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.