ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / 33 жылда 11 премьер

33 жылда 11 премьер

Саясат 05.02.2024, 14:26 1,234
33 жылда 11 премьер
Сурет: интернеттен
Тәуелсіз Қазақстанның 11- премьер-министрі  Әлихан Смайылов та бүгін қызметінен кетті.

Тәуелсіз Қазақстанның 11- премьер-министрі  Әлихан Смайылов та бүгін қызметінен кетті.


Бұған дейін егеменді елдің тарихындағы үкімет басшылары кімдер болып еді, қазір олар қайда?



Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы премьер-министрі болған Сергей Терещенко (30.03.1951-10.02.2023) тура бір жыл бұрын қайтыс болды. Терещенко 1991-1994 жылдар аралығында Қазақстанның үкімет басшысы қызметін атқарды.



1994 жылдың қазан айынан бастап 1997 жылдың қазанына дейін  ҚР премьер-министрі болған Әкежан Қажыгелдин (27 наурыз 1952 ж) 1999 жылдан бері шетелде тұрады.



Үкіметті үшінші болып басқарған (1997-1999 ж) Нұрлан Балғымбаев (20 қараша 1947 жыл - 14 қазан 2015 жыл) 9 жыл бұрын өмірден өтті.



Үкіметті екі рет (1999-2002 ж) басқарған Қасым-Жомарт Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл) 2019 жылғы 20 наурыздан бері Қазақстанның мемлекет басшысы.



Үкімет басында ұзақ отырмаған (2002-2003) Иманғали Тасмағамбетов (9 желтоқсан 1956 жыл) қазір Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының бас хатшысы.



Одан кейін үкімет басы алтыншы рет ауысқанда, бұл орынға келген (2003-2007)  Даниял Ахметов (15 маусым 1954) былтыр ШҚО әкімі қызметінен босатылған.



Тәуелсіз Қазақстан тарихында Кәрім Мәсімов (15 маусым 1965 жыл) те үкімет басшысы (2007-2012) қызметін (2014-2016) екі рет атқарған. 7 жылдай уақыт премьер-министр болған ол Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып отырған тұсында Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, 18 жылға сотталып кетті.



Үкімет басында 2012-2014 жылдар аралығында қызмет атқарған Серік Ахметов (25 маусым 1958 жыл) те сотты болды.



Үш жыл (2016-2019) премьер-министр болған – Бақытжан Сағынтаев (13 қазан 1963 жыл) 1 ақпаннан бастап  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті.



Саясат сахнасынан алыстап кеткен келесі премьер Асқар Мамин (23 қазан 1965 жыл) де 2019-2022 жылдар аралығында осы қызметті атқарды.



Әлихан Смайылов (18 желтоқсан 1972 жыл) үкімет басына Қаңтар оқиғасынан кейін 2022 жылы келді. Оған дейін бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің бірінші орынбасары қызметін атқарған.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.