ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / 33 елде балалардың белгісіз гепатитке шалдыққаны а...

33 елде балалардың белгісіз гепатитке шалдыққаны анықталды

Медицина 28.05.2022, 11:00 1,904
33 елде балалардың белгісіз гепатитке шалдыққаны анықталды
Сурет: Life.ru
Тіркелген жағдайлардың көбі Еуропадан анықталды

Тіркелген жағдайлардың көбі Еуропадан анықталды


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 33 елде 650 балада ауыр гепатиттің анықталғанын хабарлады. Бұл гепатиттің этиологиясы әлі белгісіз және зерттеліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Ауру жұқтыру фактілері осы жылдың 5 сәуірі мен 26 мамыры аралығында анықталды. Тіркелген жағдайлардың көбі Еуропада, 222 жағдай Ұлыбританияда анықталған. Еуроодақтағы жағдайдың 75%-тен астамы бес жасқа дейінгі балаларда тіркелгені белгілі болды. Тағы 99 жағдай ауру түрін жіктеуді күтіп отыр.



"Осы ауыр гепатиттің этиологиясы белгісіз болып отыр және зерттеу жүргізіліп жатыр. Ықтимал қоздырғыштың көзі мен жұғу жолы әлі анықталған жоқ. Бұл жағдайлар клиникалық тұрғыдан аса ауыр болып отыр. Сондай-ақ бұл ауру кезінде бауыр жұмысының жеткіліксіздігі асқынуы байқалады", - деді ДДСҰ мамандары.



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 650 ықтимал жағдайдың 38-інде (6%) балаға бауыр трансплантациясы қажет болса, 9 жағдайда (1%) бала қайтыс болған.


Сарапшылар әзірше ауру қоздырғыш көзі мен жұғу әдістерін анықтай алмай отыр. Сонымен қатар, дәрігерлер кейбір науқастарда коронавирус немесе аденовирусты анықтады, бірақ бұл деректер әлі толық емес. ДДСҰ әлемдік деңгейде аурудың қаупін орташа деп бағалап отыр. Осы жағдайлардың ықтимал себептеріне қосымша жан-жақты эпидемиологиялық, клиникалық, зертханалық, гистологиялық және токсикологиялық зерттеуді бірнеше ұлттық орган, зерттеу желілері және ДДСҰ-дағы әртүрлі жұмыс топтары және серіктестер жүргізіп жатыр.


ДДСҰ-дағылар осы ауру түрін жұқтыру фактілерін анықтауға, тексеруге және ол туралы хабарлауға кеңес берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.