AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / 31 шілдеде 27 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сай...

31 шілдеде 27 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді

Саясат 29.07.2022, 09:25 1,876
31 шілдеде 27 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді
Сурет: Strategy2050.kz

Жақын арада аудан әкімдерінің де тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр.


Алдағы күндері Қазақстандағы 27 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Осы жексенбі күні, 31 шілдеде, 27 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Ал жыл аяғына дейін 214 ауылдың басшысы тікелей сайлау арқылы қызметіне кірісуі керек. 2023 және 2024 жылдарға 1037 ауылдық округте әкімі сайлауы жоспарланған. Жақын арада аудан әкімдерінің де тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Онымен қоса, жаңа конституциялық реформа бойынша облыс әкімдері өңірлік мәслихат депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша тағайындалады. Осылайша, елдің саяси жүйесі біртіндеп трансформацияланып келеді. Мемлекеттік басқару саласына демократияның жаңа құралдары енгзіліп жатыр», - деп жазды Мемлекеттік кеңесші  Telegram каналында.



Ерлан Каринның айтуынша, бір жыл бұрын Қазақстанда ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмі іске қосылған болатын. Былтырғы шілде айынан бері 1093 елді мекеннің әкімі сайланды. Оның 215-і өз-өзін ұсынса, 116-сы қайта сайланған бұрынғы әкімдер. Бір жылдың ішінде елдегі ауыл әкімдерінің корпусы 55,6% жаңарған. 



«Бұл 608 ауылға жаңа басшы келді деген сөз. Оның басым бөлігі бұрын мемлекеттік қызметте істеп көрмеген. Яғни, дәрігерлер, мұғалімдер, бизнесмендер, жергілікті кәсіпорын мен шаруа қожалық басшылары халық сеніміне ие болып, әкім ретінде сайланып отыр. Бәрінен де Маңғыстау облысында жаңа әкімдер көп сайланды – 77,8%. (сайланған 18 әкімнің 14-і), Одан кейін Қарағанды облысында – 77,2% (79-дың 61-і) және Жамбыл облысында – 71% (72-нің 51-і) жаңа әкімдер көп сайланған», - дейді Ерлан Қарин.



Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейгенін айтқан еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әкім #сайлау #Қазақстан #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);