конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 28 күн жансақтауда: Алматы дәрігерлері салмағы 730...

28 күн жансақтауда: Алматы дәрігерлері салмағы 730 грамм жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалды

Барлығы 07.02.2026, 14:04 530
28 күн жансақтауда: Алматы дәрігерлері салмағы 730 грамм жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалды
Сурет: pixabay.com

Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығында дәрігерлер жүктіліктің 27-аптасында дүниеге келген шала туған қыз баланы аман алып қалды. Бұл туралы қаладағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты.

Болашақ ана амниотикалық сұйықтықтың мерзімінен бұрын ағуына байланысты орталыққа шұғыл түрде жеткізілген. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде мамандар іштегі нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.

Кесарь тілігі орталық директоры Светлана Рахимова бастаған дәрігерлер тобының қатысуымен жүргізілді. Соның нәтижесінде салмағы небәрі 730 грамм болатын қыз бала дүниеге келді.

Нәресте өмірінің алғашқы сәтінен бастап жаңа туған балалардың жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде болды. 28 күн бойы дәрігерлер мен медбикелер оның жағдайы үшін тәулік бойы күресті.

Жағдайы тұрақтанған соң сәби күтімнің екінші кезеңіне — жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды. Отбасы орталықта 56 күн болды. Осы уақыт ішінде баланың салмағы екі еседен астам артып, 1 800 граммға жетті.

«Біз бұл жерге күтпеген жерден түстік, ешкімді танымайтын едік. Алайда алғашқы күннен бастап шынайы қамқорлықты сезіндік. Дәрігерлер мен медбикелер қызымыздың денсаулығы мен болашағы үшін бар күшін салды. Олардың кәсібилігі мен жанқиярлығы бізді қатты тәнті етті», — деп баланың анасы медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Бұл оқиға орталық мамандарының ең нәзік пациенттерге өмірге алғашқы қадам жасауға көмектесіп жүрген күнделікті еңбегінің тағы бір жарқын мысалы.

Айта кетейік, Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығындағы балалар реанимациясы бөлімшесінде салмағы өте төмен болып туған, сондай-ақ тәулік бойы қарқынды терапияны қажет ететін ауыр хәлдегі жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсетіледі.

Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде мыңдаған баланы аман алып қалды. Бөлімше дәрігерлері мен медбикелері күндіз-түні жаңа туған сәбилердің өмірі үшін күресіп, заманауи емдеу, күтім жасау және жағдайын бақылау әдістерін қолданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Сәби
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);