ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / 25 жылда 20 литр қан тапсырған. Ақмолалық полицей...

25 жылда 20 литр қан тапсырған. Ақмолалық полицей 80-ге жуық адамның өмірін арашалап қалды

Оқиға 31.01.2026, 14:31 142
25 жылда 20 литр қан тапсырған. Ақмолалық полицей 80-ге жуық адамның өмірін арашалап қалды
сурет: ІІМ
Ақмола облысында полиция қызметкері Серғазы Мейірманов ширек ғасырдан бері тұрақты түрде донор болып, осы уақыт ішінде 20 литрге жуық қан тапсырып, 80-ге жуық адамның өмірін сақтауға үлес қосты,...

Ақмола облысында полиция қызметкері Серғазы Мейірманов ширек ғасырдан бері тұрақты түрде донор болып, осы уақыт ішінде 20 литрге жуық қан тапсырып, 80-ге жуық адамның өмірін сақтауға үлес қосты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының жедел-криминалистикалық бөлімінде аға криминалист болып қызмет ететін Серғазы Мейірманов донорлық жолын 2000 жылы, студент кезінде бастаған. Курстасының туысына шұғыл қан қажет болғанда, ол алғашқылардың бірі болып көмектесуге асығыпты.

«Сол кезде ешқандай ерлік жасамай-ақ, жай ғана қол ұшын созу арқылы біреудің өмірін сақтап қалуға болатынын түсіндім», – дейді ол.

Оқу бітіріп, ішкі істер органдарына қызметке тұрғаннан кейін де тәртіп сақшысы бұл игі әдетінен жаңылған жоқ. Ол «5 қайырымды іс», Жол апаты құрбандарын еске алу күні, Криминалистер күні сияқты кәсіби мерекелер аясында өтетін донорлық акцияларға тұрақты түрде қатысып келеді.

Облыстық қан орталығының мәліметінше, Серғазы Мейірманов 40-тан астам рет донация жасап, шамамен 20 литр биоматериал тапсырған. Бұл көмек 80-ге жуық адамның өмірін сақтауға сеп болған.

Ізгі ісі үшін оған облыстық қан орталығы мен ІІМ басшылығы атынан Алғыс хат табысталды. Қазір ол әріптестері мен жас мамандар арасында донорлық мәдениетті насихаттап, қайырымдылыққа үндеп жүр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.