AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 25 ақпанда сиреналар қосылады: алматылықтарға еске...

25 ақпанда сиреналар қосылады: алматылықтарға ескерту жасалды

Барлығы 24.02.2026, 12:16 493
25 ақпанда сиреналар қосылады: алматылықтарға ескерту жасалды
Алматы әкімдігі

Алматыда 25–26 ақпан күндері «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осыған байланысты 25 ақпанда сағат 11:00-де қалада халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, тексеру барысында «Барлығыңыздың назарыңызға!» дабыл сигналы бойынша қала аумағында сиреналар қысқа уақытқа қосылады. Сонымен қатар сынақ хабарламасын тарату үшін теле- және радиоарналарды уақытша үзу жүйесі іске қосылады.

Қала тұрғындарынан сабыр сақтап, дабыл дыбысын естіген жағдайда теледидарды немесе радионы қосып, ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты тексеру сұралады. Ресми хабарламада берілетін нұсқаулармен мұқият танысып, соған сай әрекет ету қажет екені ескертілді.

Алматы әкімдігі «Барлығыңыздың назарыңызға!» сигналы төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде шұғыл ақпарат таратудың алдында халықтың назарын аудару үшін берілетінін нақтылады.

Оқу-жаттығу аясында қаланың барлық ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін тазарту бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Әкімдік қазіргі уақытта су тасқыны жағдайы бақылауда екенін, жедел қызметтер алдын ала қажетті шараларды атқарып жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ дайындық жұмыстары аясында қала аумағынан 150 мың текше метрге жуық қар шығарылғаны хабарланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);