ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / 24–30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

24–30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал

Керек кеңес 24.06.2021, 09:59 4,454
24–30 маусымға арналған жұлдыз-жорамал
almaty-akshamy.kz
Батыл болыңыз, сонда кез келген мәселенің шешімін табасыз. Аптаның соңында саяхаттауға жақсы мүмкіндік болады, сіз керемет демалып қаласыз. Өзіңізге қажетті затты сатып алыңыз. Демалыс күндері...

Тоқты


Батыл болыңыз, сонда кез келген мәселенің шешімін табасыз. Аптаның соңында саяхаттауға жақсы мүмкіндік болады, сіз керемет демалып қаласыз. Өзіңізге қажетті затты сатып алыңыз. Демалыс күндері жақындарыңыз көмек сұраса, бас тартпаңыз.


 Торпақ


Осы аптада эмоционалды жайлы орта қалыптасады. Сізді жан-жақты қолдайтын және құрметтейтін адамдар ғана қоршайды. Олардың көмегімен сіз өз мансабыңызды немесе жеке бизнесіңізді дамытуда үлкен серпіліс жасай аласыз.


 Егіздер


Жаңа идеялар мен жоспарлар құруда аса ұқыпты болыңыз. Алға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туып тұр. Шешім қабылдарда «жеті рет өлшеп, бір рет кесуді» есте ұстаңыз, бәріне бірдей үлгермейсіз. «Айтылған сөз атылған оқпен тең» демекші, әр сөзіңізге абай болыңыз.


 Арыстан


Апта отбасылық өмірге маңызды қадамдар жасауға қолайлы болмақ. Шығармашылық жолында жүрген адамдар үлкен олжаға кенелмек. Істеген әрекеттеріңізде барынша сақ болсаңыз дене жарақатынан аман болып, өзіңізді қоршаған адамдармен сөзге келіп, ренжісуден алыс болуыңыз мүмкін.


 Шаян


Бұл күндер сіз үшін қарбаласқа толы болмақ. Отбасында және жұмыста, оқуда жолыққан кедергілерге сабырлылық танытыңыз. Тек жалқаулыққа жол бермеңіз. Себебі, кей адамдардың шамына тиіп, сөгіс алып қалуыңыз ғажап емес.


 Бикеш


Әр күніңіз ойланып, толғанатын жұмыстарға толы болмақ. Логикалық ойлаудың жетпейтіндігін біліп, ішкі түйсігіңізге де жүгінуіңіз мүмкін. Жеке өміріңізде де елеулі өзгерістер болмақ. Ол адамды сіздің сыртқы келбетіңізден бөлек, зерделігіңіз де қызықтырады.


 Таразы


Батыл қадамдарға барудың қажеті жоқ. Бәрібір бағаланбайды. Одан гөрі жиналып қалған ұсақ-түйек проблемаларды шешуге тырысыңыз. Бұл күндері көптеген кездесу, тынымсыз қоңыраулардан қолыңыз босамайды. Тіпті, шаруа шаш етектен болатыны сондай, кейбір таразылар аяқастынан өздеріне өздері демалыс жариялауы мүмкін.


 Сарышаян


Сізді көптеген кездесу күтіп тұр. Кешкісін орын алатын жаңа таныстық сіздің өміріңізді біржолата өзгертуі мүмкін. Сіз ол таныстықтан қашпаңыз. Әлдебір жетістіктерге жету үшін неғұрлым төзімді болған абзал.


 Мерген


Ойларыңызды құпия сақтаңыз. Əр бастаған ісіңіз оңға басады. Қаржылық жағдайыңыз реттеліп, ойға алған мақсаттарыңыз жүзеге аса бастайды. Отбасыңызда шуақ орнап, бақытқа кенелесіз. Әлеуметтік проблемалар да артта қалады.


 Тауешкі


Алға қойған мақсатыңызға жетіп, аяқасты пайда болған қиын мәселелердің шешуін оңай табасыз. Осы күнге дейін оқып-білген, көрген, жеткен жетістіктеріңіз бен біліміңізді жиналған жұрттың алдында көрсетуге қолайлы уақыт тумақ.


 Суқұйғыш


Осы аптада тағдырдың тамаша сыйы аз болмасы анық. Күтпеген жерден жақсы ұсыныстар түсуі ғажап емес. Кешке жалғыз қалып, жеткен жетістіктеріңіз жайлы жақсылап ойлануыңыз сізге күш-жігер сыйлары сөзсіз.


 Балықтар


Бұл аптада белсенді болуға тырысыңыз. Міндетті түрде жолыңыз болады. Бұл күндері болашағыңыздың жарқын болуына әсер ететін тұлғалармен танысасыз. Қай жерде болмасын сөз таластырудан аулақ болыңыз.


 


Дайындаған Ақтолқын ТҰРЛЫҒАЗЫ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.