AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 21 сәуір - Құрлық әскерлерінің күні

21 сәуір - Құрлық әскерлерінің күні

Әлеумет 21.04.2025, 12:13 767 dulatbekova
21 сәуір - Құрлық әскерлерінің күні
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Құрлық әскерлері Президент Жарлығымен 1993 жылы бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясы негізінде құрылды.

Құрлық әскерлерінің бүгінгі әлеуеті еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғау, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету, заңсыз қарулы топтармен күрес, сондай-ақ еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тапсырмаларды орындауға толық қабілетті.

Бүгінде Құрлық әскерлерінің құрамына «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі кіреді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап. 

Құрлық әскерлері қолбасшылығының негізгі күш-жігері тұрақты жауынгерлік дайындықты сақтауға, әскери басқару органдары мен әскерлерді жауынгерлік мақсатқа сәйкес міндеттерді шешуге дайындауға бағытталған.

2024 жылы әскерлерді даярлау барысында 40 000-нан астам іс-шаралар жүзеге асырылды. Оның ішінде 2000-нан астам әскери міндеттілер оқытылып, 70-тен астам жұмылдыру оқу-жаттығулары мен жаттығулар өткізілді.

Жыл сайын Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері халықаралық және өңірлік жаттығуларға қатысады. Штабтық, командалық-штабтық оқу-жаттығулар, әскери ойындар, жиындар мен курстық дайындық қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды талдауды ескере отырып жүргізіледі.

Тәжірибе алмасу және әскерлердің екіжақты форматтағы үйлесімділігін арттыру мақсатында Үндістан Қарулы күштері бөлімшелерімен «КазИнд», Қырғыз Республикасымен «Дала сұңқары», Өзбекстан Республикасымен «Хамқорлық» бірлескен оқу-жаттығулары өтті. Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері Пәкістан Ислам Республикасында өткен халықаралық жарыстың жеңімпазы атанып, жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

Құрлық әскерлері әскери техниканың жаңа үлгілерімен, жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен, заманауи байланыс құралдарымен, барлау және автоматтандырылған басқару жүйелерімен қамтылған. Жоғары мобильді, техникалық жабдықталған және жауынгерлік қабілетті Құрлық әскерлері егемендікті, елдің аумақтық тұтастығын және азаматтардың бейбіт өмірін қорғауға дайын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#21 сәуір #Құрлық әскерлері күні #әскери армия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркі әлемінің жастары Алматыда бас қосты: халықаралық форум жастардың әл-ауқаты мен тұрақтылығына арналды

Бүгін 09:50

Жұма күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Алматыда әуежай құрылыс алаңындағы оқиғадан кейін тексеру жүргізіледі

Кеше 21:00

Алматы колледждері тек білім берудегі жетістіктерімен ғана емес, спорттағы жоғары нәтижелерімен де ерекшеленуде

Кеше 20:10

Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Кеше 19:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);