Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2030 жылға қарай автокөлік иелену заңсыз болады

2030 жылға қарай автокөлік иелену заңсыз болады

Әлеумет 17.10.2023, 05:32 960
2030 жылға қарай автокөлік иелену заңсыз болады
Сурет: интернеттен

Желіде Клаус Швабтың сөздері талқылануда.


Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабтың айтуынша, автокөліктерге иелік ету дәуірі аяқталып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Шваб 2030 жылға қарай жеке көліктің болуы заңсыз деп танылады деп отыр. Бұл қаншалықты рас?


Stopfake.kz-тің жазуынша, 2030 жылға қарай автокөлік иелері заңнан тыс деп танылады деп мәлімдегені туралы ақпарат – өтірік.


Бұл жаңалықтың бастапқы дереккөзі – The People’s voice жаңалықтар порталы. Бұл портал үнемі жалған хабарламалар, үгіт-насихат және қастандық теорияларын жариялайды.


2014 жылы Дүниежүзілік үкіметтік саммитте, Клаус Шваб болашақта адамдар жеке көлікке иелік етудің орнына автопилоттық электромобильдерді шақыру үшін қосымшаларды қолданады деген идеяны алға тартты. Түпнұсқа видео он жыл бұрын жазылса да, оның сөзінің нақ осы бөлігі бүгінде Желіде тарап жатыр.


Сонымен қатар ДЭФ сайтында 2016 жылы жеке автомобильдер дәуірінің аяқталғаны туралы мақала бар, бірақ онда олар заңсыз болады деп айтылмаған. Материал болашақта ірі қалаларда автопилотпен жабдықталған электромобильдері бар автопарктер пайда болған кездегі мүмкіндіктер туралы ойлар жазылған. Мұндай көлікті жалға алу сұраныс жоғары болғандықтан арзан, ал тұжырымдама тұтынушы үшін тиімді болады, ол машинаны күтіп ұстауға, оған салық төлеуге ақша жұмсамайды.


Демек, Клаус Шваб та, оның әріптестері де көлікке иелік ету 2030 жылға қарай қылмысқа айналады деп мәлімдеген жоқ. Ол болашақта автопилоты бар көлікті жалға алу жеке көлікті сатып алғаннан гөрі тиімдірек және ақылға қонымды болады деген ойын айтқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шваб #форум #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.