AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетп...

2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады

Әлеумет 21.10.2025, 09:49 622 yakiya
2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады
Сурет: altegrosky.ru

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтар интернетпен қашан толық қамтылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Оның айтуынша, соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 триллион теңгеден астам инвестиция бағытталған. Қазір 20 миллионнан астам мобильді абонент және 3,7 миллион тіркелген пайдаланушы байланыс қызметтерін қолданып жүр. Интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с деңгейіне жетті.

«Осы жылы интернет трафигін тұтыну айтарлықтай артқанын атап өту қажет. Ол өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп болады деп күтілуде. Саланы дамыту 2024–2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асып жатыр. 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тан асып, оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің 90%-ына дейін тартылады», - деді Мәдиев Үкімет отырысында.

Сонымен қатар министр ауылдарды интернетпен қамту мәселесіне тоқталды. Қазір Қазақстанда 6 179 ауылдық елді мекен бар. Олардың 2606-сы магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілеріне (ВОЛС) қосылған. 663 ауылда жергілікті желі бар.

«2026 жылдың соңына дейін тағы 3 мыңнан астам ауылды магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу көзделген. Нәтижесінде 2027 жылдың соңына қарай еліміздегі 4 786 ауылда оптикалық желі тікелей үйлерге дейін жеткізіледі. Осылайша ауылдардың 90%-дан астамы сымды технологиялар арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады. Осы жобаларды жүзеге асыру үшін 2027 жылдың соңына дейін жалпы көлемі 323 млрд теңгені құрайтын инвестиция қарастырылған», - деді ведомство басшысы.

Мәдиевтің айтуынша, ауылдардың қалған 10 пайызында ел халқының 1 пайыздан аз бөлігі тұрады. Мұндай елді мекендер интернетпен спутниктік технологиялар арқылы қамтамасыз етіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);