ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосым...

2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесіне қосылады

Әлеумет 27.12.2025, 12:03 283
2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесіне қосылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматыда 2026 жылдан бастап бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын жергілікті бюджет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылады.

Алматыда 2026 жылдан бастап бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын жергілікті бюджет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Мұхамеджан Ілияс осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Алматыда шамамен 2,3 млн адам тұрса, олардың 1,9 миллионы (82%) сақтандырылған мәртебеге ие екен. Қала тұрғындарының шамамен 444 мыңы қазір осы МӘМС жүйесінен тыс қалған.

«Сақтандырылмағандардың қатарында D мен Е санатына жататын, яғни жағдайы қиын және шұғыл деңгейдегі азаматтар бар. Бұлар өмірінде қиындық болып жатқан шамамен 95 мың қала тұрғыны. Олардың табысы жоқ, болса да өте төмен, күнкөрісіне жетпейді, сондықтан олар мемлекеттің қолдауына қатты мұқтаж», – дейді ол.

2026 жылы осы санаттағы медициналық көмекті тұрақты пайдаланатын 34 мың адам үшін МӘМС жарнасын жергілікті бюджеттен төлей бастамақ. Сонымен қатар, ресми түрде тіркелген 28 мың жұмыссыз азамат үшін де жарнаны жергілікті бюджет есебінен төлейді.

«Есепке қарағанда, 2026 жылы аталған санаттағы адамдарға жарна төлеуге кететін шығын 6,9 млрд теңгеден асады. Бір адамға ай сайынғы жарна – 9189 теңге. Бұл ретте осы санаттағы барлық азамат автоматты түрде сақтандырылып, жарналар медициналық көмекке нақты жүгінген жандарға төленеді», – деді Мұхамеджан Ілияс.

Келер жылға қаңтардан бастап осы санаттағы тұрғындарға МӘМС жүйесінде дәрігерлік көмек алуға құқығын растайтын SMS-хабарлама келе бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.