AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / 2026 жыл жағымды өзгерістерге толы болады. Нумерол...

2026 жыл жағымды өзгерістерге толы болады. Нумеролог болжамы

Керек кеңес 02.01.2026, 11:45 989 dulatbekova
2026 жыл жағымды өзгерістерге толы болады. Нумеролог болжамы
Сурет: istockphoto.com

2026 жыл - Жылқы жылы. Нумеролог Құралай Бақыт Jibek Joly телеарнасының "Bugin LIVE" бағдарламасында бұл жыл қоғамға да, адам өміріне де тың серпін әкелуі мүмкін екенін айтты.

Маманның сөзінше, 2026 жылдың саны - 1. Ал "1" жаңа бастаманы, алға қадам басуды, қозғалысты білдіреді. Сондықтан келесі жылы адамдар тәуекелге жиірек барып, шешімді тез қабылдауға бейім болады. Нумеролог 2026 жылды шартты түрде ғылым, спорт және IT салаларының жылы деуге болатынын атап өтті: автоматтандыру, жасанды интеллект, логикаға негізделген бағыттар қарқын алып дамиды.

Сонымен қатар, Құралай Бақыт 2026 жылдың стихиясы от екенін айтты. Бұл - жылдамдық пен ірі өзгерістердің белгісі. Сол себепті әлемде де, Қазақстанда да түрлі үдерістер ширақ әрі қарқынды жүруі ықтимал. Егер 2025 жылы шығармашылық пен шоу-бизнес белсенді болса, 2026 жылы спорт пен денсаулық алдыңғы орынға шығады.

Нумерологтың пікірінше, көпшілік дұрыс тамақтануға, спортқа, жалпы денсаулыққа көбірек мән бере бастайды - бұл жылдың басты плюстарының бірі.

Ол жылдың екінші жартысы отбасы құруға қолайлы екенін, ал алғашқы айларда асығыс шешім қабылдамау керегін ескертті.

Бойдақтар үшін 2026 жыл жеке өмірде жағымды өзгерістер әкелуі мүмкін.

Айлар бойынша болжамы да бар:

Қаңтар–ақпан - медициналық тексеруден өтуге ыңғайлы;

Наурыз, сәуір, тамыз - үй алуға қолайлы кезең;

Мамыр - білім мен оқуға инвестиция салуға жақсы уақыт. 

Туған жылдарының соңғы санына қарай нумеролог мынадай жорамал ұсынды: 

6–7-мен аяқталатын жылдары туғандар үшін махаббат, отбасы және мансап үйлесім табады;

2–3-пен аяқталатындар үшін табыс артып, ірі сатып алулар жасауға қолайлы; 

0–1-мен аяқталатындар үшін рухани ізденіс күшейіп, денсаулыққа көбірек көңіл бөлу қажет;

4–5-пен аяқталатындар үшін қозғалыс, сапар көбейеді; 

8–9-бен аяқталатындар үшін жаңа бастамаларға жол ашылады.

Құралай Бақыттың айтуынша, 2026 жылдың түсі де от стихиясына сай - қызыл.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#2026 жыл #болжам #Нумеролог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);