ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Алматыда көше жарығының көлемі 10 есеге...

2025 жылы Алматыда көше жарығының көлемі 10 есеге өсті

Әлеумет 16.05.2025, 15:23 716
2025 жылы Алматыда көше жарығының көлемі 10 есеге өсті
Сурет Алматы қаласы әкімдігі
Алматы көшелерінде 12 мыңнан астам жаңа шам орнатылды. «Алматы Қала Жарық» кәсіпорны 2025 жылдың алғашқы төрт айының өзінде ауқымды көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізді. Жаяу жүргіншілер мен...

Алматы көшелерінде 12 мыңнан астам жаңа шам орнатылды. «Алматы Қала Жарық» кәсіпорны 2025 жылдың алғашқы төрт айының өзінде ауқымды көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізді. Жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тротуарларды жарықтандыру бойынша алдағы жоспарлар туралы «Алматы Қала Жарық» ШКК басшысы Игорь Мысик баспасөз туры кезінде айтты.

Оның айтуынша, кәсіпорын қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесін қалпына келтіру және кеңейту бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруда. 2025 жылдың алғашқы төрт айында Алматыда 12 мыңнан астам жарық нүктесі ауыстырылып, 450 тіреу орнатылып, 110 шақырым кабель тартылды.

Биыл қала әкімі тапсырмасымен жаяу жүргінші аймақтары, саябақтар мен тротуарлар бойында шамамен 5700 жаңа торшер тіреулерін орнату жоспарланған. Бұл тұрғындар мен қала қонақтары түнгі уақытта да жайлы әрі қауіпсіз жүруі үшін жасалған.

Әл-Фараби даңғылында (Марков көшесінен Қожанов көшесіне дейін) жаяу жүргінші аймағына арналған жаңа жарықтандыру желісінің құрылысы басталды. Жоба аясында 147 торшер тіреуі орнатылады. Жұмыстарға траншея қазу, кабель төсеу, тіреулер мен шамдарды орнату, электрге қосу кіреді.

Сонымен қатар, Бұқар Жырау бульварында (Байтұрсынов көшесінен Есентай өзеніне дейін) істен шыққан 43 торшер тіреуі ауыстырылып жатыр. Монтаж жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, жобаны мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл шешім «Алматы Қала Жарық» пен Бостандық ауданы әкімдігіне тұрғындардан көптеп түскен өтінішкге байланысты қабылданды.

Қаланың жасыл желегіне зиян келтірмей, жол бойын жарықтандыру үшін орталық көшелерде 4 метрлік кронштейндер қолданып жатыр. Ол шамдарды ағаштың бұтағынан тыс жерге шығарып орнатады.

Қазірдің өзінде орнатылды:
* Абылай хан даңғылында – 181 дана;
* Наурызбай батыр көшесінде – 51 дана;
* Абай даңғылында – 232 дана (Достық даңғылынан Биокомбинат көшесіне дейін).

Көрнекі мысал ретінде – Бірінші Президент саябағына қарсы орналасқан Дулати көшесіндегі автотұрақты жарықтандыруды айтуға болады. Мұнда 32 тіреу орнатылып, жүйе толық жұмыс істеуде. Бұл алматылықтардың кешкі серуенге жиі жиналатын орнына айналған.

Жетісу ауданы әкімдігінің өтінімі бойынша Үлкен Алматы каналы бойында ұзындығы 1,3 км болатын жаңа жарықтандыру желісі салынып жатыр. Бұл жерде 34 тіреу орнатылады, оның 21-і Жансүгіров көшесінен «Гүлдер» саябағына дейінгі аралықта орнатылып қойды. Бұған дейін бұл аумақта жарық мүлде болмаған.

Сондай-ақ, жарығы нашар жерлер де ретке келтіріліп жатыр. Мысалы, Әуезов және Байзақов көшелерінде бұрын тек жолдың шығыс жағы ғана жарықтандырылған, ал тротуарлар қараңғы болған. Енді жолдың батыс жағына қосымша 100-ге жуық шам орнатылып, жол бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы толық қамтылды.

Медеу ауданында да жарықтандыру күшейтілді: ескі, қуаты аз шамдар жарығы күшті жаңаларына ауыстырылды:
* Бұзырбаев көшесі – 6 дана;
* Бәрібаев көшесі – 18 дана;
* Абдуллиндер көшесі – 35 дана;
* Қайырбеков көшесі – 28 дана;
* Луганский көшесі – 60 дана.

2025 жылдағы ең ірі жобалар – Алматының 7 негізгі көшесін жарықтандыруды жаңарту болды: әл-Фараби, Төле би, Сейфуллин, Абай, Назарбаев, Әуезов және Наурызбай батыр көшелері. Бұл желілердің жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асады. Жаңғырту аясында шамамен 3000 жарық нүктесі мен 1000-нан астам торшер тіреулерін орнату көзделген. Бұл Көшелер сонда бұрынғыдан екі есе жарық бола түседі.

Жалпы, 2025 жылы «Алматы Қала Жарық» 1200 жаңа сыртқы жарықтандыру желісін салуды жоспарлап отыр. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 10 есе артық. Мұндай шаралар Алматыда қауіпсіз, жайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.