AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылдың экологиялық бастамалары

2025 жылдың экологиялық бастамалары

Әлеумет 21.01.2025, 12:46 1,498
2025 жылдың экологиялық бастамалары
Сурет ЖИ

«Taza like», «Ayala» және 2025 жылы экологиялық мәдениетті ілгерілетуге арналған басқа да жобалар 
  
2025 жылы елімізде қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және қоғамды экологиялық бастамаларға тартуға бағытталған жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жалғасатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бірінші бағыт – ауқымды оқиғаларды ұйымдастыру арқылы жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Taza like» жобасы тәжірибе алмасуға және экологиялық проблемалардың шешімін табуға арналған платформа болады. Бұл іс-шара қоғамдық ұйымдарды, ғалымдар мен бей-жай қарамайтын адамдарды біріктіреді. Жоба Наурыз Ұлттық мерекесінен кейін басталып, еліміздің барлық өңірлерін қамтып, 25 сәуірге дейін жалғасады. Жобаның шарықтау шегі Астанада өтетін ірі Экофестивальмен қорытындыланады. Экология мәселелеріне назар аудару үшін оқушылар мен жастар арасында креативті идеялар жинауға бағытталған «Ayala»  арт-фестивалін өткізу жоспарлануда. 

Екінші бағыт – экологиялық білім. Дәстүрлі ақпараттық-ағарту жұмыстарынан басқа, заманауи технологиялық шешімдер белсенді пайдаланылатын болады. Атап айтқанда, E-gov және банктік қосымшалардағы экологиялық оқиғалар туралы халықты кеңінен ақпараттандыруға арналған жаңа «Эко іс-шара» қосымшасы. Қоқыс пен пластикалық бұйымдарды бөлек жинау жұмыстары жалғасады. Сондай-ақ жастар ресурстық орталықтары базасында «Эко хабтар»  жобасын кеңейту ұсынылады. «Жасыл мектеп» жобасы 500 мың оқушыны және 3 млн-нан астам ата-ана мен олардың туыстарын тартуға мүмкіндік береді. 

Экологияға кино түсіру саласында да көңіл бөлінетін болады. Орманшылар туралы «38» киножобасы, сондай-ақ қоқыс өңдеу зауытын ашып, түрлі экологиялық акциялар өткізетін экоактивист туралы «Ақжауын» сериясы басталады. Бұдан басқа, «Саяхат Time» ұлттық тележобасы іске қосылады, оның мақсаты – Қазақстанның табиғаты мен экологиялық таза жерлеріне ұқыпты қарауды насихаттау және кішкентай көрермендер үшін экологиялық тәрбиені дамытатын 3 анимациялық жоба әзірленеді. 

Үшінші бағыт – экологияға тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Қазақстанның, Әзербайжанның және басқа да елдердің қатысуымен Каспий теңізінің жағалауында плогинг жобасы (жүгіру арқылы қоқыс жинауды да ұйымдастыратын экологиялық қозғалыс) іске асырылатын болады. Қоғамдық экологиялық бақылау жөніндегі республикалық акциялар және қоғамдық кеңестердің, азаматтық қоғамның, бизнестің, оқу орындарының, БАҚ пен еріктілердің қатысуымен эко-патрульдер құру жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#эко-патруль #Taza like #Ayala
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);