AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / 2021 жылдың қараша айындағы іскерлік белсенділік и...

2021 жылдың қараша айындағы іскерлік белсенділік индексі қандай болды?

Қаржы 09.12.2021, 09:46 1,580
2021 жылдың қараша айындағы іскерлік белсенділік индексі қандай болды?
Сурет: Nationalbank.kz

2021 жылдың қараша айындағы іскерлік белсенділік индексі туралы ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Жандос Шаймардановтың түсінік берді.


Алынған бағалаудың нәтижесі бойынша, іскерлік белсенділік индексі қарашада 49,9 дейін аздап төмендеп (қазанда – 50,1), теріс аймаққа өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Nationalbank.kz-ке сілтеме жасап


Индекске қызмет көрсету секторында жұмыспен қамту деңгейінің төмендеуіне және жеткізілім мерзімдерінің созылуына байланысты көрсеткіштің 49,3-ке дейін  төмендеуі (қазанда – 49,7) әсер етті.


Өнеркәсіпте жаңа тапсырыстар көлемінің өсуіне және жеткізілім мерзімдерінің қысқаруына байланысты көрсеткіш 50,8-ге дейін аздап көтерілді (қазанда – 50,6).


Құрылыс секторында көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 49,9 деңгейінде қалып, өзгерген жоқ.



Өңірлер бойынша қарашада 6 өңірде іскерлік белсенділіктің жақсарғаны, 11 өңірде нашарлағаны байқалды. Іскерлік белсенділіктің неғұрлым жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан (53,7) және Маңғыстау (52,9) облыстарында, неғұрлым төмен деңгейі Алматы облысында (44,2) байқалды.   


2021 жылғы қарашада респонденттер елде бизнес жүргізу жағдайларының жақсарғанын атап өтті. Ағымдағы бизнес-жағдайларын бағалау жөніндегі жауаптар теңгерімі 2,4 құрап (қазанда (-)1,4), оң мәнге ие болды. Барлық секторлардағы кәсіпорындар қаржыға/кредиттерге қолжетімділікті оң бағалады. Өнімге/қызметке сұраныс және коммуникацияларға қолжетімділік факторларын тиісінше өнеркәсіп пен құрылыс секторындағы кәсіпорындар оң бағалады. Бұл ретте, бизнесті қорғау мен салық жүктемесі мәселелері (құрылыс секторынан басқа) теріс баға алды.    


Кәсіпорындардың келесі 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайға қатысты оптимизмі төмендеді: болашақ жағдайларды бағалау 13,0 болды (қазанда – 14,9). Ағымдағы бизнес жағдайдың жақсаруы нәтижесінде экономика бойынша бизнес ахуал индексі 7,6-ға дейін көтерілді (қазанда – 6,6).  


2021 жылғы қарашада пікіртерімге 461: құрылыста – 67, өнеркәсіпте – 175, қызмет көрсетуде – 219 кәсіпорын қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қараша #іскерлік #белсенділік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);