Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 2010 жылға дейін шығарылған барлық автокөлік құрал...

2010 жылға дейін шығарылған барлық автокөлік құралына тыйым салынуы мүмкін

Әлеумет 14.01.2024, 13:41 1,102
2010 жылға дейін шығарылған барлық автокөлік құралына тыйым салынуы мүмкін
almaty-akshamy.kz

Экологиялық ахуалды жақсарту үшін Өзбекстан астанасында автокөліктерге қатысты бірқатар шектеу енгізу ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.



Өзбекстан Экология министрлігінің мәліметінше, Ташкенттегі ауаның ластануына ағаштарды заңсыз кесу, көліктер бөлетін зиянды газдар және көмір мен мазут түтіні себеп.




«Бүгінде ірі қалаларда, оның ішінде Ташкентте атмосфералық ауаның ластануы электр және жылу энергиясы көздері, автокөлік шығарындылары көлемінің ұлғаюымен байланысты. Олардың жағымсыз әсерін азайту мақсатында тиісті шаралар әзірлеу қажет», - деп мәлім етті ведомстводан. 




Осыған байланысты құзырлы орган Ташкент қаласында келесі шектеу шараларын енгізуді ұсынып отыр:


- «Еуро-4» стандартына сай келмейтін жанармайды (АИ-80 маркалы жанармай) пайдалануға тыйым салу;


- кептеліс болатын уақыттарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу (07:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін) қою;


- 2010 жылға дейін шығарылған барлық автокөлік құралының қозғалысына тыйым салу. Электромобильдерге көшкен көлік иелеріне жеңілдіктер, преференциялар мен субсидиялар беру;


- магистральдардағы кептелісті азайту және автомобиль қозғалысын оңтайландыру үшін тәжірибе ретінде көліктерді «тақ және жұп» күндері жүргізу ережесін енгізу;


- қаланың орталық көшелерінде автокөліктен бос аймақтарды ұйымдастыру; 


– тиісті инфрақұрылымды құра отырып, қоғамдық көлікті баламалы отын түрлеріне, яғни электр және газға ауыстыру. 


Сондай-ақ кәсіпорындар мен жылу орталықтарында көмір мен мазутты пайдалануға тыйым салу ұсынылады. Ведомство объектілердің барлық түрлерін (әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар объектілерден басқа) салуға мораторий жариялау, Ташкенттің айналасында жасанды су айдындары мен жасыл белдеу құру, сондай-ақ ауа сапасының көрсеткіштері жарияланатын мониторлар орнатуды орынды деп есептейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #Ташкент #көлік #тыйым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.