ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / 20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» анима...

20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі прокатқа шығады

Не? Қайда? Қашан? 14.03.2025, 14:31 720
20 наурыздан бастап «Шоқан. Қашқария сапары» анимациялық фильмі прокатқа шығады
видеодан алынды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы «Шоқан. Қашқария сапары» атты толықметражды анимациялық фильмін ұсынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Balapan» телеарнасы «Шоқан. Қашқария сапары» атты толықметражды анимациялық фильмін ұсынады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай түсірілген туынды ғалымның әйгілі Қашқария экспедициясына негізделген. Мультфильмнің оқиғасы 1858 жылы Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға жасаған саяхатынан бастау алады. Сюжет желісі бойынша 8 жасар Азат сиқырлы уақыт компасы арқылы өткенге тап болып, Қашқарияға бағытталған керуенге қосылады. Осылайша, қазіргі заманғы кейіпкер мен ұлы зерттеушінің тағдыры тоғысып, көрермендерді тарихи шындық пен фэнтези элементтері үйлескен шытырман оқиғаға жетелейді.

 «Шоқан. Қашқария сапары» жобасы – Корпорацияның толықметражды анимациялық фильм жасаудағы алғашқы тәжірибесі. Бұл жобаны толыққанды биографиялық туынды деп қарастыруға болмайды. Фильмде ғалымның тек Қашқарияға сапары негізге алынған. 10 сериядан тұратын анимациялық жобаны толықметрлі фильм форматында қайта әзірлеу – өндірістік тұрғыдан күрделі процесс және жоба аз қаражатпен жүзеге асырылды. Яғни, бюджет тек эфир үшін дайындалған анимациялық сериалға бөлінді. Дегенмен, Корпорация өз бастамасымен балалар арасында тарихи тұлғаларымызды тануға деген қызығушылықты арттыру, қазақ тіліндегі балалар контентінің кеңірек таралуын қамту мақсатында жобаны үлкен экранға шығарып отыр. Бұдан бөлек, биыл жыл соңына дейін «Balapan» телеарнасының эфирінде жоғары рейтингке ие болған «Желаяқ», «Тоқты мен Серке» мультфильмдерінің толықметрлі нұсқаларын прокатқа шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді «Қазақстан» РТРК» Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Анимациялық фильм 20 наурыздан бастап көктемгі каникул мерзімінде Қазақстанның барлық қалаларындағы кинотеатрлар желісінде көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.