AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемл...

2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды

Әлеумет 10.11.2025, 15:34 489 dulatbekova
2 млн га пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды
Сурет: Gov.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жер ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

«Елдің дамуы мен азаматтардың әл-ауқаты үшін қызмет етуі тиіс стратегиялық ресурс – бұл, сөзсіз, жер. Мен пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтарып, оларды қайта бөлу жөнінде ауқымды жұмысты бастадым. Жер иесіз қалмауы керек, оны тек оның қадірін білетіндерге беру қажет», – деді Президент.

Осы тапсырма аясында 2025 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықтармен берілген жерлерді қайтару жөніндегі жоспарды мерзімінен бұрын орындады.

Жұмыс республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде жүйелі түрде жүргізілді. Бақылау мақсатында Жерді қайта бөлу жөніндегі республикалық комиссия және облыстық ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды.

Жыл ішінде республикалық комиссияның 3 және облыстық жұмыс топтарының 42 отырысы өтіп, тексеру нәтижелері мен алдағы шаралар талқыланды.

Тексерулер 2,2 млн гектар жерді қамтыды: 1,8 млн гектар бойынша 1 286 ұйғарым берілді, 281,4 мың гектар жерге қатысты сот процестері жалғасуда, ал бұрын пайдаланылмаған 464,7 мың гектар жерді жер пайдаланушылар өз бетімен игере бастады.

Қайтарылған жерлердің 704,7 мың гектары халыққа берілді: оның ішінде 176,6 мың гектары – қоғамдық жайылымдар, 528,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді.

«Жер аманаты» комиссиясы мен «AMANAT» партиясы процесстің ашықтығын және қоғамның қатысуын қамтамасыз етті.

Жоспардың мерзімінен бұрын орындалуы жер ресурстарымен жұмыс істеудің тиімділігін, жерді ұтымды пайдалану үшін жағдай жасалғанын және Қазақстан ауыл шаруашылығының одан әрі дамуына серпін берілгенін көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пайдаланылмаған жер #Мемлекет меншігі #қайтару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);