AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 196 мал ұрысы ұсталды

196 мал ұрысы ұсталды

Заң мен тəртіп 13.12.2023, 07:01 1,020 Almaty-akshamy.kz. 
196 мал ұрысы ұсталды
Сурет: ашық дереккөз

Биыл мал ұрлығы 13%-ға төмендеді.


Іс-шараны жүргізуге тек полицейлер ғана емес, ветеринариялық бақылау мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері де жұмылдырылды. “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 196 мал ұрысы және 34 қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz рolisia.kz-ке сілтеме жасап.



"Мәселен, Ақмола облысында екі адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды. Олар қараша айынан бастап қоралар мен сарайлардан 20 бас ұсақ малды ұрлап әкеткен. Қаскөйлер негізі елордада тұрған, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, сол себепті де құқық қорғау органдарының назарына ілікпеген. Осылайша күдіктілер Ақмола облысының аумағында орналасқан далалы аймаққа үш рет келіп, малды ұрлаған соң, оны сойып, етін Астана қаласының базарларында сатып жіберген", – деп жазылған хабарламада.



Полицейлер күдікті көлікті байқағаннан кейін ғана ұрылар Талапкер ауылында төртінші ұрлықты жасау барысында құрықталды. Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде биыл мал ұрлығы 13%-ға төмендеп отыр. Сонымен қатар ұрланған жануарлардың жартысынан көбі заңды иелеріне қайтарылды.


Қылмыстық қолсұғушылықтың құрбаны болмау үшін қарапайым ережелерді ұстану қажет:


қойшының қарауынсыз малды қалдырмаңыз. Сіз, ол және әкімшілік арасында үш жақты шарт жасаңыз;
қазіргі кезде кең таралған техникалық құрылғыларды, малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;
малды таңбалауды немесе чиптеуді ұмытпаңыз, бұл болашақта мал іздеуде және иесін анықтауда көмектеседі.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#мал #ұрлық #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);