"Қазгидромет" РМК синоптиктері ұсынған болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың жылжуына байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Солтүстікте кей жерлерде нөсер жаңбыр болады, ал солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста бұршақ түсіп, қатты жел соғуы мүмкін.
Айта кету керек, республикамыздың батысы мен солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы жатқызылады, ал солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман болуы мүмкін.
"Күндіз Атырау, Маңғыстау, Ақмола, , Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында және Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде сынап бағаны +35, +40 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі"."Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде және шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Ақмола облысының орталығында, Жетісу облысының орталығы мен оңтүстігінде, Павлодар облысының солтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысының оңтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Абай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақмола облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында және орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында, Жамбыл өңірінің батысы мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, сондай-ақ Жетісу облысының шығысында, батысында және Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде. төтенше өрт қаупі күтіледі.