ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / "15 көлік сатып алған". Атырауда зейнетақы қорынан...

"15 көлік сатып алған". Атырауда зейнетақы қорынан заңсыз қаржы шешкен қылмыстық топ әшкереленді

Заң мен тəртіп 15.09.2025, 17:40 638
"15 көлік сатып алған". Атырауда зейнетақы қорынан заңсыз қаржы шешкен қылмыстық топ әшкереленді
сурет: видео кадры
Атырау облысында Қаржылық мониторинг агенттігі мен прокуратураның үйлестіруімен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 200 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз шешуге қатысы бар қылмыстық...

Атырау облысында Қаржылық мониторинг агенттігі мен прокуратураның үйлестіруімен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 200 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз шешуге қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Тергеу барысында БЖЗҚ қаржысын заңсыз иемденуге көмектескен 5 ұйымдасқан топтың әрекеті анықталды. Олар жалған құжаттар жасап, Атырау, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және өзге де қалаларда бар сияқты етіп 30-дан астам жалған стоматологиялық клиника тіркеген.

Анықталғандай, бұл клиникалар іс жүзінде халыққа ешқандай қызмет көрсетпеген: ғимараттары, жабдықтары және білікті мамандары болмаған, ал басшыларының медициналық білімі де жоқ болған.

Күдіктілер азаматтардың зейнетақы ақшасын шешіп алу үшін жалған медициналық құжаттар рәсімдеп, одан 10–20 пайыз көлемінде заңсыз сыйақы алып отырған. Қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 226 дропперді пайдаланған. Осылайша 200 млрд теңгеден астам қаражат айналымнан шығарылған.

Бұл ақшаларға күдіктілер жалпы құны 600 млн теңгеден асатын 15 қымбат автокөлік (Mercedes-Benz G-class, GLE, BMW X7, Porsche Taycan, Cadillac Escalade) сатып алып, сондай-ақ элиталық пәтерлер, коммерциялық нысандар, жер телімдері мен зергерлік бұйымдарды иемденген. Қылмыстық жолмен табылған мүлікті іздестіру жалғасып жатыр.

Қазір іс аясында 59 тінту ісі жүргізіліп, 10 адамға бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Тергеу тек зейнетақы активтерін заңсыз шығару схемаларын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне баға береді. Өзінің жинақталған зейнетақы қаражатын алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Барлық процессуалдық әрекеттер қолданыстағы заңнамаға сай жүргізіліп жатыр, әр күдіктінің адвокатпен байланысы шектелмеген", - делінген агенттік хабарламасында.

 
 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.