ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / 15 желтоқсан - дүниежүзілік түркі тілі тобының күн...

15 желтоқсан - дүниежүзілік түркі тілі тобының күні

Мәдениет 04.11.2025, 10:40 569
15 желтоқсан - дүниежүзілік түркі тілі тобының күні
Сурет: Әзербайжандық «Әдебиет және өнер» порталы
2025 жылдың 4 қарашасында Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 43-сессиясы аясында түркі әлемі үшін тарихи маңызы бар маңызды оқиға орын алады - Түркі...

Әзербайжандық «Әдебиет және өнер» порталы Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сілтеме жасай отырып,  ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 43-сессиясы аясында қабылданған тіркі әлемі үшін маңызды ақпараттар легін бөлісті.

2025 жылдың 4 қарашасында Өзбекстанның Самарқан қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 43-сессиясы аясында түркі әлемі үшін тарихи маңызы бар маңызды оқиға орын алады — Түркі мәдениеті және мұрасы қоры алғаш рет түркі өркениетінің тереңдігін және ұлылығын бейнелейтін бірегей жобалардың тұсаукесерін өткізеді. Олардың ішінде:

– Түркі мемлекеттері басшылары қабылдаған «Түркі әлеміне көзқарас – 2040» және «TURKTIME» стратегиялық құжаттарына сәйкес әзірленген, түркі әлемінің мәдени мұрасына арналған «Түркі әлемінің мәдени коды» атты каталог;

– Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен және түркі мемлекеттері басшыларының қолдауымен жүзеге асырылған көптомдық «Түркі фольклор мұрасы» антологиясының басылымы.

Айта кету керек, ұсынылған бұл бірегей жобаларды жүзеге асыру мақсатында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры түркі әлемінің көрнекті ғалымдары мен мамандарын бір шаңырақ астына біріктірді. Олар түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени және ғылыми мұрасын жүйелеуге, зерттеуге және оны келер ұрпаққа жеткізу ісіне өлшеусіз үлес қосты.

Бағдарлама аясында, сондай-ақ, 2025 жылдың 3 қарашасында ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы қарарымен бекітілген «Дүниежізілік Түркі тілі тобының күні» (World Turkic Language Family Day) атап өтуге арналған іс-шара өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан және Венгрияның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдіктерінің басшылары, сондай-ақ Өзбекстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, белгілі ғалымдар, мәдениет институттарының жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік шара Түркі мәдениеті мен мұрасының елшісі — этно-фольклорлық «Тұран» ансамблінің солистерінің әсерлі орындауларымен жалғасты.

Осылайша, ЮНЕСКО 15 желтоқсан күнін Дүниежізілік Түркі тілі тобының күні деп жариялады. Бұл күн енді жыл сайын түркі тілдерінің байлығы мен рухани бірлігін дәріптеу мақсатында атап өтілетін болады.

Бұл іс-шара түркі халықтарының тарихындағы тағы бір елеулі оқиға ретінде олардың тілдік және мәдени бірлігінің халықаралық деңгейде мойындалуын, сондай-ақ түркі өркениетінің әлемдік мәдениет пен гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесін айқын көрсетеді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.