ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / 14 маусымға арналған ауа райы болжамы

14 маусымға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 14.06.2022, 02:00 1,260
14 маусымға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз
Дауыл, найзағай, бұршақ – 11 өңірде ескерту жарияланды

Дауыл, найзағай, бұршақ – 11 өңірде ескерту жарияланды


«Қазгидромет» РМК 14 маусымда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.


Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.


Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады.


Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстік-шығысында, шығысында күші 15-20 м/с құрайды.


Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.


Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 14 маусымда тәулік бойы найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с артады.


Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз өңірдің орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.


Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.


Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. 14 маусымда таулы аудандарда, 15 маусымда облыстың солтүстік-батысында, шығысында, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Күндіз 15 маусымда желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.


Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.


Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.