AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / 12 қыркүйек – қазақ киносының күні

12 қыркүйек – қазақ киносының күні

Мәдениет 12.09.2021, 04:09 2,598 Almaty-akshamy
12 қыркүйек – қазақ киносының күні
Cурет: Egemen.kz

Ақтоты Райымқұлова отандастарын қазақ киносы күнімен құттықтады.


ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан халқын кино күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Құрметті достар! Қадірлі киногерлер!
Сіздерді 12 қыркүйек – қазақ киносы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кино – мәдениет пен өнердің көш басында тұрған, аудиториясы төрткүл дүниені төріне отырғызған ауқымды сала. Ғұмыры ғасырмен өлшенетін қазақ кинематографиясы алғашқы қарлығашы «Амангелдіден» бастап осы күнге шейін көрерменге түрлі туындылар тарту етіп келеді», -дейді министр.


«Әр киноның уақыт кеңістігіндегі алар орнын айқындайтын, былайша айтқанда тағдырын шешетін құдірет – ол қалың көрермен екені сөзсіз. Біздің елімізде бүгінгі кино талабына жауап бере алатын, көпшіліктің талғам үдесінен шыққан фильмдер қатары жыл өткен сайын артып келе жатқаны қуантады.


Шынайы оқиға желісімен түсірілген, бабалар даналығын дәріптеген, аталар аманатын арқалаған тарихи туындылармен қатар көзі қарақты əр адамды немқұрайды, жайбақарат қалдырмайтын, əлеуметтік мәселелердің өзектілігін жүрекке жеткізіп, толғандыратын отандық туындылар беделді халықаралық фестивальдерде жүлдеге ие болып, әлемдік киногерлердің жоғары бағасын алып жатыр. Алдыңғы аға буынның ізін басып, өзіндік өрнегін қалыптастырып келе жатқан жас мамандар шоғыры қалыптасты.


Мемлекет кинематография саласына тұрақты қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Еліміздегі кино нарықта тақырыбы жағынан əр алуан қазақстандық фильмдермен қоса әлемдік танымал киностудиялардың таңдаулы өнімдері көп. Аталған картиналардың бәрі енді ана тілімізде аудармамен көрсетілуі міндетті екені арнайы заңда көрсетілген. Осы ретте бірқатар анимациялық туындының қазақ тіліндегі дубляжын түсірген компанияның өзі әлемдік нарықта жоғары бағалағанын айтпай кетуге болмас. Бұдан бөлек, қазір Министрлік кеңес үкіметі кезінде көрерменге жол тартқан отандық киноларды Ресейдің мемлекеттік кино қорының архивінен сандық форматта өңдеп алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.


Алдағы уақытта да заманның заңғары мен өмірдің заңдарын жанды бейнеге айналдырған мазмұнды фильмдеріміз көбейіп, халықаралық байқауларда үздік шыға беруіне тілектеспін.


Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, сала мамандарына мықты денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, толайым табыс тілеймін!», - деп жазды мәдениет және спорт министрі өзініің instagram әлеуметтік парақшасында.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ киносы #туынды #Кино #Қазақстан #райымқұлова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);