ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / 12 қазанда Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері...

12 қазанда Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері басталады

Мәдениет 11.10.2021, 04:06 1,040
12 қазанда Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері басталады
Cурет: Inform.kz
Ұлттық мұражайда «Вологодск шілтері» жылжымалы көрмесі өтеді.

Ұлттық мұражайда «Вологодск шілтері» жылжымалы көрмесі өтеді.


12 қазанда Нұр-Сұлтанда Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Атап айтқанда, 12 қазан күні сағат 19:00-де «Qazaqstan» Орталық концерт залының сахнасында жетекші ресейлік орындаушылар мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен гала-концерт өтеді. Концертке халықаралық байқаулардың лауреаттары Анна Аглатова (сопрано), Владислав Куприянов (баритон), Владимир Магомадов (контратенор), Константин Емельянов (фортепиано), Александр Рамм (виолончель), Гайк Казазян (скрипка) Анастасия Тюрина (балалайка) қатысады. Сонымен қатар қазақ әншілері өнер көрсетеді. Дирижер пультінде – Осетия Республикасы – Аланияның еңбек сіңірген әртісі Заурбек Гугкаев.


12-19 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында Вологодск мемлекеттік тарихи-сәулет және өнер мұражай-қорығының жинақтары ұсынылатын «Вологодск шілтері» жылжымалы көрмесі өтпек. Көрменің ресми ашылуы – 12 қазан, сағат 16:00-де (ҚР Ұлттық мұражайы).
Ресейдің Қазақстандағы Мәдениет күндері Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Шараны ұйымдастырушы – «Росконцерт» Федералды мәдениет мекемесі.


Мәдениет күндері Ресей мен Қазақстанның мәдениет саласындағы дәстүрлі достық ынтымақтастығын нығайту мен дамытуға бағытталған, сонымен қатар шынайы құндылықтар мен мәдени мұраларды одан әрі сақтауға ықпалдасуға шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.