Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 12 мыңға жуық мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамт...

12 мыңға жуық мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді

Әлеумет 30.04.2024, 06:07 749
12 мыңға жуық мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді
Сурет: Gov.kz

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің түрлі шараларымен 11,8 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылды.


Бүгінгі таңда барлығы ерекше қажеттіліктері бар 104,8 мың адам жұмыспен қамтылған (27,4%), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 730,5 мың адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды, олардың 419,9 мыңы еңбекке қабілетті жаста.


ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың үш айында квота шеңберінде мүгедектігі бар 3,9 мың адам жұмысқа орналастырылды.


Сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тұрақты жұмысқа 1,4 мың адам, жастар практикасына – 95 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 421 адам, қоғамдық жұмыстарға – 4,3 мың адам, «Күміс жас» жобасы бойынша – 473 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша – 46 адам жұмысқа орналастырылды.


Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 12 адам, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 1,2 мың адам қамтылды.


Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді. 2023 жылы осындай 120 арнайы жұмыс орны құрылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мүгедектік #жұмыспен қамту #жәрдемдесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.