ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / 115 млрд теңге, 10 мыңнан аса педагог пен туберкул...

115 млрд теңге, 10 мыңнан аса педагог пен туберкулез: аптаның айырықша дерегі

Мұны білген жөн 03.10.2025, 11:13 405
115 млрд теңге, 10 мыңнан аса педагог пен туберкулез: аптаның айырықша дерегі
Жасанды интеллект
Күн саны: аптаның айырықша дерегі

Аqshamnews.kz редакциясы "Күн саны" айдарында аптаның ең маңызды деректеріне шолу жасады. 

 0:5

30 қыркүйекте Алматыда "Қайрат" пен "Реал" арасында UEFA Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі тарихи матч өтті. Жергілікті "Қайрат" әйгілі мадридтік "Реалға" қарсы алғаш рет өз алаңында ойнап, 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

Киллиан Мбаппе Дастан Сатпаевтың бағасынан 100 есе қымбат

Тransfermarkt.world мәліметінше, "Қайраттың" ең қымбат ойыншысы - Дастан Сатпаев. Жас жұлдыздың трансферлік құны - 1,157 млрд ₸. Одан кейін Валерий Громыко тұр. Оның нарықтағы құны - 771,5 млн ₸. Үшінші орында құны - 514,3 млн ₸ болатын Офри Арад иеленді. 

Ал халық арасында Мбөпе атанған Шерхан Қалмұрза мен Темірлан Анарбековті нарық 128,6 млн ₸-ге бағалады. Сонымен Қайрат сапында нарықтағы ең арзан ойыншы Александр Мрынский болды. Ойыншының нарықтық құны - 64,3 млн ₸. 

Айта кетейік, бұған дейін "Реал Мадрид"  жұлдыздарының бағасы да белгілі болған. Көптің крашына айналған 25 жастағы Винисиус 109,3 млрд ₸ бағаланса, кешегі ойында 18 жастағы қақпашымыздың басты қарсыласына айналған Килиан Мбаппенің нарықтағы 115,7 млрд ₸ деп белгіленді. Бұл Дастан Сатпаевтың бағасынан 100 есе қымбат.

Қазақстанда 772 колледж бар

Бүгінде Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 772 колледжде 530 мың студент білім алып жатыр. Оларға 42,8 мың педагог пен оқытушы шеберлер сабақ береді. 

Жаңа оқу жылында 10 мыңнан аса жас педагог жұмысқа қабылданды

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025-2026 оқу жылында қазақстандық білім беру ұйымдарына 10 мыңнан аса жас педагог жұмысқа қабылданды.

Алматыда 2030 жылға қарай туберкулёзді түбегейлі жою туралы қарар қабылданды

2-3 қазанында Алматыда "Туберкулезсіз Орталық Азия: ұлттық жетістіктерден өңірлік көшбасшылыққа" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция және Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы туберкулез бойынша өңірлік парламент саммиті өтті.

Іс-шараға Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің парламентшілері, денсаулық сақтау саласының басшылары және ДДСҰ, Stop TB Серіктестігі және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары жиналды. Қатысушылар БҰҰ-ның туберкулезге қарсы Саяси Декларациясын (2023 ж.) жүзеге асыру барысын, туберкулезбен күрестегі азаматтық қоғамның рөлін және инновацияларды талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.