AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 11 тамызда ауа райы қандай болады?

11 тамызда ауа райы қандай болады?

Әлеумет 11.08.2026, 09:05 421
11 тамызда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, 2026 жылғы 11 тамыз, сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл күні еліміздің кей өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

"Солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстікте және оңтүстікте екпінді жел соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Батыс пен оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Соған қарамастан, бірқатар өңірде аптап ыстық сақталады.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысы мен Абай облысының оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +40-41°C-қа дейін көтеріледі.

Алматы облысы, Жетісу облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында, сондай-ақ Ұлытау және Абай облыстарында ауа температурасы +35-39°C болады.

Жамбыл және Маңғыстау облыстарында ауа +38-42°C-қа дейін қызады. Ал Түркістан және Қызылорда облыстарында аптап ыстық +40-44°C-қа дейін жетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);