AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық...

1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді

Әлеумет 04.01.2025, 15:47 1,000
1 қаңтардан бастап некеге тұрмас бұрын генетикалық тест тапсыру міндеттелді
Сурет: Astanatv.kz

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінде некеге тұру алдында генетикалық тест тапсыру барлық азаматтар үшін міндетті рәсімге айналды.

Бұл шешім елде генетикалық аурулардың кең таралуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мұндай жағдай аймақтың тарихи және мәдени ерекшеліктерімен байланысты. Бұрын некеге тұруға ниет білдірген азаматтардан тек медициналық тексеру талап етілетін, ал генетикалық тестілеу ерікті болатын. Енді бұл процедура міндетті түрде азаматтардың бәріне енгізілді.

«Генетикалық тестілеу 570-тен астам генетикалық мутацияны анықтауға мүмкіндік береді. Олардың ішінде жүрек-қан тамырлары аурулары, эпилепсия, бұлшықет атрофиясы, есту қабілетін жоғалту, муковисцидоз және басқа да ауыр тұқым қуалайтын аурулар бар. Бұл әдіс отбасын жоспарлау кезінде болашақ ата-аналарға денсаулық жағдайын ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі», — делінген материалда.

Әмірліктердің Геномдық кеңесі бұл шешімді қараша айында өткен үкіметтік жиналыста мақұлдады. Бағдарлама ұлттық генетикалық деректер базасын құруды көздейді. Бұл ел тұрғындарының арасында генетикалық ауруларды ерте анықтауға және дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

2022 жылы Абу-Дабиде басталған Emirati Genome Programme пилоттық жобасы аясында 800-ден астам жұп зерттеуден өтті. Нәтижесінде, 86%-ында генетикалық үйлесімділік расталды. Ал 14%-ында қосымша медициналық шаралар мен отбасы жоспарлауды қажет етті.

«Әмірліктерде жақын туыстар арасында некелесудің жоғары деңгейіне байланысты генетикалық бұзылулар кең таралған. Генетикалық тәуекелдерді түсіну медициналық қызметтердің сапасын арттырып, созылмалы аурулардан болатын ұзақмерзімді шығындарды азайтуға көмектеседі», — деп жазылған мақалада.

Барлық некеге тұруға ниетті жұптар 2025 жылдан бастап міндетті генетикалық тестілеуден өтеді, ал тест нәтижелерін өңдеу шамамен 14 күнді алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#генетикалық тест #міндетті рәсім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін 19:45

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Бүгін 19:15

Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 18:03

Алматыда жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтіліп жатыр

Бүгін 16:54

Алматыда инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);