ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Референдум - 2022 / 1 миллионнан астам алматылық референдумға қатысуға...

1 миллионнан астам алматылық референдумға қатысуға құқылы

Референдум - 2022 23.05.2022, 06:05 970
1 миллионнан астам алматылық референдумға қатысуға құқылы
Сурет: 24.kz
Қалада 8 референдум комиссиясы қызмет етеді және 574 референдум учаскесі тағайындалған.

Қалада 8 референдум комиссиясы қызмет етеді және 574 референдум учаскесі тағайындалған.


Телеграмм-каналында арнайы бот ашылған, ол жерде ЖСН енгізу арқылы учаскеңізді біле аласыз, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникация алаңында республикалық референдумға дайындық тақырыбында өткен брифингте айтылды.


Алматы қалалық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова қалада 8 референдум комиссиясы қызмет ететінін және 574 референдум учаскесі тағайындалғанын мәлімдеді.  4938 адам референдум учаскесінде жұмыс істейді, ал аудандық комиссияларда 62 адам бар. Жалпы алғанда 5 мың адам комиссия мүшесі ретінде референдум науқанына қатысады екен. 



20 мамырдан бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз қызметтерін бастады. Қазір жұртшылық тарапынан «учаскемді қалай табамын, тізімнен өзімді қалай табамын?» деген сұрақтар көп. Ол үшін арнайы байланыс орталығы ашылды. Естімеген адамдар болса 338-45-45 нөміріне хабарласып сұрақтарына жауап ала алады. Одан бөлек телеграмм-каналында арнайы бот ашылған, ол жерде ЖСН енгізу арқылы учаскеңізді біле аласыз. Егер референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен өзіңізді таппасаңыз, арнайы байланыс телефон нөміріне қоңырау шалып, анықтауға болады,-деді ол.



Алматы қалалық референдум комиссиясы төрайымының орынбасары Айгүл Қалықованың айтуынша референдумға қатысатын азаматтар тізімі алдын ала жасалған. 20 мамырдағы жағдай бойынша 1 млн 100 мыңнан астам адам референдумға қатысу құқығына ие екен.


Егер референдум кезінде азамат қалада болмайтын болса, ол алдын ала жергілікті учаскесінен тіркеу куәлігін ала алады. Онымен еліміздің кез келген жерінде референдумға қатыса алады. Тек Алматыдағы өзге аудандарда қатыса алмайды, яғни Бостандық ауданында тіркеуде болса, Жетісу ауданына барып дауыс бере алмайды.  Міндетті түрде өз ауданына бару керек. Ауырып жатқан немесе ауырып жатқан адамға қарап шыға аламай отырғандар үйге тапсырыс бере алады. Ондай өтініштер 20 мамырдан 5 мауысымға дейін қабылданады,-деді Қалықова. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.